Аллаға үнім жетіпті
Аллаға үнім жетіпті

       Хазірет Әсмә (р.а) ұмытылмаған естеліктерін былай баяндады: “Мен Зүбәйірмен жаңадан отау құрған болатынмын. Зүбәйірдің көзге көрінерлік дәулеті байқалмайтын. Үйімізде шаруаға жарайтын жар дегенде жалғыз атымыз бар еді. Мен оның ат әбзелдерін безендіріп тігіп беретінмін. Арасында егістікке барып, жеміс-жидек, көкөніс, құрма жинап, атқа өнгеріп үиге әкелетінмін. Үй іші жұмыстарынан бөлек, бұл жұмыстар да менің атқаратын ісіме жататын.

        Күндердің бірінде үстіне жүк өнгерілген атымды жетектеп, көрші яхудейдің үйінің алдынан өтіп бара жатып, олардың қой сойып, жаңадан сойылған қойдың балғын етін баппен пісіріп жатқанын көрдім. Сол сәтте мұрнымды жарардай әлгі еттің иісі келді. Ол күндері қызым қадишаға аяғым ауыр болатын. Әлгі еттің иісі тұла бойымды өзіне құштар етіп барады. Кенет ақылыма бір ой келді : “Егер көршінің үйінен оттық сұрап барсам, өз сыбағамнан құр қала қоймаспын, дәмдерінен де ауыз тигізер” – деп, көршінің үйіне беттедім. Алайда негізгі келу себебімді түсінбеген көршім қолыма оттығын ұстатып шығарып салды. Әлгі еттің иісі мені жайыма қалдырар емес. Одан сайын өзіне құштар ете түсуде. Екінші мәрте оттық сұрап кірдім. Көрші де әдеттегіше оттығын беріп шығарып салды. Тым жақыннан келіп жатқан еттің иісі мені озіне жіпсіз байлады. Дәрменсіз жағдайдағы мен үшінші мәрте оттық сұрап бардым, алайда онымнан түк шықпады, тағыда еңсем түсіп қайттым. Аяғымды сүйретіп басып үйге келдім. Жабырқау күйде үйден ешкімнің назарына іліге қоймайтын бір қуыс тауып, әл-дәрменім біткенше жыладым. Алайда бойымды күпірден аулақ ұстадым. Аллаға шағым айтпадым. Бәлкім сол себепті де, Аллаға ғаріп үнім жекен болар. Тез арада нәтижесін көрдім. Әлгі көрші әйелдің күйеуі үйіне келіп: “Мына үйге кім келді?” – деп сұрады. Әйелі де көрші әйелдің үш мәрте келіп, үшеуінде де оттық сұрағанын айтты. Сол кезде күйеуі: “Ант етемін! Әлгі әйелге еттен апарып бермейінше, бұл етті ұртыма да жақындатпаймын!”- деді. Кенет есік қағылды. Көрші әйел бір табақ етін әкеліп, толығымен алуымды өтінді. Өз көзіме сенер-сенбесімді білмей абдырап қалдым. Алғысымды айтып, буы бұрқыраған етті дастархан үстіне қойдым. Алланын жіберген ризығын тойғанымша жедім. Өмірімде бұл еттей дәмді тағам жегенім есімде жоқ. Мінекей біз осындай күндерді бастан өткігенбіз!”

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
2 жыл бұрын 522
2 пікір
  • Еһ Осындай аналарымыз ай өшпес өнеге қалдырдыңыздар ау,жүрегімнің төрінен орын алар
    1 жыл бұрын
  • Неткен керемет оқиға. Пақырлық - Алланың үлкен бір сынағы. Пайғамбарымыз пақырлықтың залалынан сыйынатын болған дұғаларында. Оны əркім көтере алмайды. Алла баршамызды шүкір етуші байлардан етсін. "Берген қол, алған қолдан артық" деген хадисте.
    1 жыл бұрын