Фатима анамыздың (р.а.) жасауы
Фатима анамыздың (р.а.) жасауы

Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) Біләл (р.а.) мен Сәлмәні (р.а.) ертіп, Медине базарына келді. Әлидің (р.а.) жаңадан отау құруына орай жас жұбайлардың үй жиһаздарын сатып алуға барған болатын.

Сатып алынған заттардың құнын араб дәстүрі бойынша Әли (р.а.)  төлеген болатын. Жоралғының исламдағы аты “Мәһр” – деп, аталады. Адамзаттың асылы, екі дүние сардарының Пайғамбарымыз (с.а.с.) көзінің нұры, бауыр еті Фатима (р.а.) анамызға қандай жасау жасағанын сіздермен бөліскім келді.

Түйеге артылған жасауды хазірет Әлидің (р.а.) есігі алдына түсіре бастады. Сахабалар заттарды көтеріп, жәрдем беріп, қуаныштарына ортақтасуда.

Әбу Бәкірдің (р.а.) таңдауымен алынған жасауда мына заттар алынған болатын:

1) Әсемделіп безендірілген жайнамаз;

2) Үш дана төсемше;

3) Құрма қабығы мамығымен толтырылған жастық;

4) Қол диірмен, су торсығы, құмыра, ожау;

5) Диірменнен шыққан бидай үгіндісін елегіш;

6) Жүннен жасалған жамылғы, сүлгі, иленген тері;

7) Орындық;

8) Барқыт көрпе;

9) Иленген терімен қапталған ас үстелі.

Фатима (р.а.) анамыздың жасауына қарап Алла елшісі (с.а.с.) көзіне бұлақ-бұлақ жас алып:

“Я, Раббым! Сен ұнатпаған ысыраптан тартынған бұл пенделеріңнің жиһаздарын қайырлы ет!” – деп, дұға жасады.

Жәннәт ханымдарының асылы Фатима анамыздың (р.а.) жасауы әлгіндегідей. Анамыз азын-аулақ жиһазға қанағат етті.

Күнімізде қаншама ұл-қыздар жоқшылықты ар санап, әке-шешелерін қиын жағдайға қалдырып жатады.  Саяз ойланғандар бақытты сандық ішіндегі жылтырақтардан іздеп әлек. Көздің жауын алған сандықтың болмысы ағаш. Отқа салса күлге айналар, суға салса сүйкімі қашар жаратылыс емеспе?

Отбасылық өмірде бақытқа жетудің жолы: Барға қанағат, жоққа сабыр қылып, Жаратушыға шүкірлікті ұмытпауда.

Түрік тілінен аударылған

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
2 жыл бұрын 607
0 пікір