Сахаба неге жылады?
Сахаба неге жылады?

Ақтық демде жатқан Сәлман Фарси (р.а.) әлдеңеге налығандай еңкілдеп жылап қоя берді. Досының мұншалық қамығып көз жасына ерік бергенін түсіне алмаған Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.):

– Уа, досым! Көңіліңді босатқан, жүзіңді жас жууына себеп болған нендей мәселе?

– Алланың атымен ант етемін! Мен өлімнен қорыққаннан немесе дүниеге тәуелділігімнен жыламадым. Адамзаттың Ардақтысы (с.а.с.) біздің уәде беруімізді сұрап: «Сіздің дүниеден болған несібеңіз жолаушының азығындай болсын», – деген өсиетін аманат еткен болатын. Ал енді бөлме ішіне қарашы, көріп тұрғаныңдай қаншама заттар бар.

Сағд (р.а.) жана-жағына көз жүгіртіп қарағанда, таза бір табақтан басқа ештеңе көре алмады. Досының жалғыс табағын меңзеп, «дүниеге біртабан жақын болғаным ба?» – деген оймен арпалысып, еңкілдеп жылағанын көргенде, еріксіз көзіне жас алды.

Сәлманға (р.а.) тиесілі жалғыз ғана табағы болатын. Сол ыдысымен су да ішетін, тамақтанатын тіпті бүкіл қажетін жалғыз табағының көмегімен жасайтын.

Енді сізге бір өтінің: Үйіңіздің ішіне көз жүгіртіп қараңызшы...

 

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
2 жыл бұрын 441
1 пікір