Тауып айтылған жауаптар
Тауып айтылған жауаптар

Құлақтарының үлкендігімен танымал болған Галилеоға біреу былай депті:
-Мырзам, құлақтарыңыз адамға сәл үлкендік етпей ме?
Сонда Галилео былай деп жауап береді:
-Менің құлақтарым адамға үлкен болуы мүмкін, бірақ сенің құлақтарың ешекке тым кішкентай емес пе?
               *** *** *** ***
  Наполеон соғыста Испанияны жеңеді. Жеңілген Испанияның патшасы:
-Сендер тек ақша мен мал-мүлік үшін соғысасыңдар, ал біз намысымыз, абыройымыз үшін соғысамыз,-дейді.
 Сонда Наполеон былай жауап берген көрінеді:
-Иә, дұрыс, адамдар өзінде несі кем болса сол үшін соғысады.
               *** *** *** ***
  Бір француз Парижде жұмыс істеп жүрген бір түріктен сұрапты:
-Осы сендердің әйелдеріңді үйден шығармайтындарың рас па?
-Бұрын солай еді. Қазір сыртқа шығардық, бірақ еш ішке кіргізе алмай жүрміз.
             *** *** *** ***
  Сократ өлім жазасына кесілгенде әйелі: "Әділетсіз түрде өлім жазасына кесіліп жатсың!" деп жылай бастайды. Сократ оған: " Не, сонда әділетті түрде өлтірілуім керек пе еді" деп жауап беріпті.
            *** *** *** ***
  Бір күні философ Диоген өте тар көшеде бай, тәкаппар адаммен кезігіпті. Біреуі шетке шығып жол бермейінше өту мүмкін болмапты. Алайда, маңғаз бай философқа: "Мен бейшараларға жол бермеймін" депті. Сонда Диоген жолдың шетіне шығып: "Ал мен жол беремін!" депті.
            *** *** *** ***
  Фатих Сұлтан Мехмет ханнан сұрапты:
-Стамбұлды не үшін жаулап алдың?
Фатих Сұлтан былай деп жауап береді:
-Әуелі ол менің жүрегімді жаулап алды, кейін мен оны жаулап алдым.

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
2 жыл бұрын 456
4 пікір
  • Күшті тауып айтылған жауаптар екен расында!
    2 жыл бұрын
  • Иә керемет )
    2 жыл бұрын
  • Бір күні философ Диоген өте тар көшеде бай, тәкаппар адаммен кезігіпті. Біреуі шетке шығып жол бермейінше өту мүмкін болмапты. Алайда, маңғаз бай философқа: "Мен бейшараларға жол бермеймін" депті. Сонда Диоген жолдың шетіне шығып: "Ал мен жол беремін!" депті.
    2 жыл бұрын
  • Мықты жауаптар,айтарға сөз жоқ
    1 жыл бұрын