Пайғамбарыз (с.а.у.) сыйлаған түйе
Пайғамбарыз (с.а.у.) сыйлаған түйе

Хазірет Омар (р.а.) Пайғамбарымызбен (с.а.у.) бірге шыққан сапарында баласы Абдуллаһты да ертіп шықты. Абдуллаһ әкесінің түйесіне мінді. Баланың астындағы түйесі көптен бері мінілмегендіктен, жүйіткіп керуеннің алдына шыға берді. Баласының Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алдына шыққанын жөн көрмеген Омар (р.а.): «Абдуллаһ, керуеннің алдына шықпа!» – деп ескерту жасады. Алайда бабындағы түйе қайтадан жүйткіп керуеннің алдына шыға кетті. Бұл жолы Омар (р.а.) қатқыл дауыспен: «Абдуллаһ, Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына ешкім шыға алмайды!» – деп қатаң ескертті.

Бала көңілінің жығылғанына құлазыған Пайғамбарымыз (с.а.у.):

– Омар, маған түйеңді сатшы – деп, өтінді. Омар (р.а.) таңғала:

– Уа, Алланың Елшісі! Сізге қалайша сатпақпын. Тегін-ақ алыңыз, – деді. Алайда Пайғамбарымыз (с.а.у.) тегінге келіспей, ақшасын төлеп сатып алып, түйенің жаңа егесі Абдуллаһқа:

– Абдуллаһ, енді түйе түбегейлі сенікі. Онымен қалғаныңша шаба аласын, – деп бала көңіліне қуаныш сыйлады.

Менің Пайғамбарым осындай керемет жан!

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
2 года назад 437
1 комментарий