Тұлпар намысы (Ерді намыс өлтіреді...)
Тұлпар намысы (Ерді намыс өлтіреді...)

Баяғыда артына ала шаң еріткенұлы бәйгелерде бас жүлдені бермейтін бір тұлпар батпаққа батып жатыр екен. Жанына дүйім халық жиналыпты, "шүу-шүулеп" сауырға ұрыпты. Басынан сүйрейді, алайда дәрмен жоқ. Керісінше, қайран тұлпар, суырма батпаққа бата түседі.
  Сәске болады. Қызыл бояуын елітіп іңір жақындайды. Ел дағдарып, ақылман бір қарияға ақыл сұратып ат шаптырыпты. Сонда жеделдетіп жеткен ақсақал: "Әй, халқым! Тұлпарды қамшылап сендерге не болған?! Ол оған намыс емес пе? Қайта одан сайын батпаққа бата түседі. Мұны құтқарудың жалғыз-ақ жолы қалды. Қәзір үйір-үйір жылқыны жанынан қиқу салып қуып өтіңдер. Тұлпар деген намысшыл ғой. Сонда ғана өзін-өзі шығарар," - деп ақыл айтқан екен. Өңшең қыл құйрықты қасынан даланы дүбірге бөлеп шапқанда, әлгі тұлпар шыңғырып кісінеп, басын ғана қылтитып қойған батпақтан атып шығыпты.
  P.S. Кейде замананың батпағына батып қалатын даламның барыс ұлдары-ай, бір-біріңді қашанда қиқу салып, осылай демеп жүрсеңдерші!
(Мұхтар Шаханов естеліктерінен)

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
2 года назад 751
0 комментариев