Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі

  Телефонда жылаған әйелдің даусы. Бұлақ-бұлақ көз жасын төгіп, өксіктен дауысы дірілдеген кім болды? Шарасыз әйелдің жан айқайы екенін түсіндім. Мұңын былай баяндады:

–        Ерім ашық-шашық жүргенімді қалайды. Алайда мен исламға бет бұрып, асыл дінімздің талабын орындағым келеді. Жаратушының әмірі бойынша киііп, ұятты жерлерімді жасырсам димін. Көшеде көрінгенннің шүйлігіп қарауынан қорқамын, Раббымнан ұяламын.

Бүгін еріме айтпастан көшеге оранып шықтым. Ол келмей тұрып асығыс үйге келдім. Алайда мені көріп қойыпты. Келгесін маған айтпағаны қалмады, ауыр сөздер айтты, балағаттады. Ең соңында не дегенін білемісіз?

–        Не деді?

–        «Екінші мәрте көшеде оранып жүретін болсаң, басқа әйелдермен көзіңе шөп саламын!» – деді.

–        Онысы несі? Мұндайды алғаш естуім. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» – деуші еді. Күйеуіңнің сөзі Аллаға жетпей қойсын ба?!

–        Ыңғайсызданып тұрғаным, отбасының сырын жайып салғандаймын.

–        Уайымдама, айтылған сөз осы жерде қалады, білімім жеткенше кеңесімді айтармын.

–        Алайда, ақпарат көздеріне жазсаңыз ше?

–        Жазар болсам басқалар ғибрат алсын деп жазармын. Алайда сіздің атыңыз немесе отбасыңыз көрсетілмейді.

–        Ендеше жалғастырайын. Әлгі айтқаныңыз болды.

–        Нені айттым?

–        “Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі”

–        Содан.

–        Айтқаныңыз келді. Артынша опық жеді. Араға күндер салып отағасы дертке шалдықты. Қаралмаған дәрігері қалмады бірақ дауасын таппады. Әлі де емші іздестіруде.

–        Қандай ауруға шалдықты?

–        Қалай айтсам екен?... Күш-қуатынан айрылды. Жыныстық қаблеттілігін жоғалтты. Күйеуім: “Неге бұлай? Не үшін? Әйелден не айырмам қалды–деп, күйінеді.

–        Сүбханалла! Мұнда бір ғибрат бар. Еріңе Алла мейірім танытыпты. Дегенмен күйеуің жақсы адам екен.

–        Қалайша? Жағдайды естіп, біліп отырып “Жақсы адам” деуіңізді түснбедім.

–        Егер дертке шалдықпағанда жаман пиғылын іске асырып, күнәһар болатын. Ол кезде кәзіргі жағдайынан да ауыр жазаға тартылар еді. Егер қателіктен сабақ алып, тәубе қылса дертіен айығады.

–        Әттең, осыларды білсеғой.

–        Біледі деп, үміттенемін.

Құран аятында:

Ей, даналық иелері ғибрат алыңдар!– делінген.

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
9 жыл бұрын 6850
0 пікір
Блог туралы