Бақұл бол алып АҒА!
Бақұл бол алып АҒА!
Жақсыға іні болу бір бақыт. Жақсыдан айрылу қабырғаңды сөгер орны толмас қасірет. Ағамызбен емен жарқын көп бірге болдық. Ғалым ағамыздан бата сұрап, тұңғышыма ырым қылып таңдайына түкірттім. Сыр еліне табаны тисе қызметіне жарап, ғалымның дұғасын тәбәрік етуші едім. Енді бәрі өткен күндерден естелік қана. Жақын танымайтындар Әбдіғаппар ағамызды қатал, сұсты деп біледі. Жоооқ, олай емес. Ағамыздың мінезі бір қарағанда қынынан суырылған қанжардай суық көрінгенімен, ұлпадай жұмсақ болатын.
Дін жанашырының қазасы қара халықтың қабырғасын қақыратып жатқанда әлеуметтік желіге жалбыр сақал, қысқа балақтылардың чаттағы әңгімесі тарады. Діннен садаға кеткірлердің айтуынша «Сманов таухидтен адасқан», «Сүннетке дұшпандық қылған» екен. О тоба, марқұмды тілдейтін топты да көзіміз көрді. Ағаның тілденген ақсын ақыретке қалдырдық. Басқа қолдан келер не шара. Ағымдарға келгенде заң әлсіз... Бақұл бол алып АҒА!
Алып аға, Сманов
Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
4 жыл бұрын 3085
0 пікір
Блог туралы