Ит өмір
Ит өмір

 

Қайнаған базар іші. Күйбең тіршіліктің қамымен арлы-берлі ағылып жүрген толассыз халық. Көз алдымда жас жігіт қолындағы қаптың аузын ашып, қоқыстың жанына тастап кетті. Қаптың ішінен құлақ-құйрығы салбырап күшік шықты. Тап болған бейтаныс ортаға таңырқап тұрғандай. Қарны ашса керек. Нан сатушы апайдың жанына томпаң басып барғаны сол еді, қарғап-сілеп қолындағы ағашпен осып жіберді. Байғұстың жанына қатты батып, қыңсылаған бойда жаңа ғана өзі шыққан қапқа қайта тығылды. Қап ішінде қыңсылап ұзақ жатты. Бейне бір даусында қатыгез қоғамға деген реніш жатқандай.  Кенет мейірім күткендей анадай жерде отырған екі балаға томпаңдай жөнелді. Құйрығын бұлаңдатып бір аяғын ақсатып басып барады. Алайда оларға жақындаған бойда қыңсылаған дауыс қайта шықты. Күшіктің ішінен тепкені, айласын асырғанына масаттанып тұр...

Негізінде балада кінә жоқ, асылында ол үлкендерден көргенін ғана жасады. Күшік болса уақытша панасына айналған қаптың ішіне қайта тығылды.

Ия, бүгінгі қоғамда саналы адамзаттың перзентінің өзі тастандыға айналып жатқанада, күшікке кімнің басы ауырсын...

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
9 жыл бұрын 3924
0 пікір
Блог туралы