Кета балығы немесе ұрпақ үшін жан пида
Кета балығы немесе ұрпақ үшін жан пида

Тынық мұхитында мекендейтін кета атты балық бар. Бұл жаратылыстың тіршілігі талайларды таңдандырмай қоймаған. Кетаның өмірі екі кезеңнен тұрады. Бірісінде теңіз тұғиығын терең бойласа, екінші кезеңінде өзеннің қатал ағысына қарсы жүзіп көлденең кедергілерді бағындырумен өтеді. Өмір сүру мерзімі жеті жылдан аспайды. Қысқа ғұмырында бір рет қана ұрпақ өрбіту мүмкіндігі берілген. Алайда, уылдырық шашу жолында қаншама азуын ақсайтқан жыртқыштардан аман өтіп, асау сарқырамаларды бағындыра алмаса, ол мүмкіндіктен де айырылады. Ұрпақ өрбіту жолында жар тасқа соғылып мертігетіні қаншама. Сансыз кедергіні бағындырдым-ау дегенде етінің құндылығына байланысты ау ұстаған адамдардың айласы және бар. Қош, бұдан да көрер жарығы бары аман өтеді. Межелеген жерге жеткенде, қолайлы құмшауытқа уылдырығын шашады. Осы орайда М. Шаханов ағамыздың «Кета балығының ерлігі» атты өлеңі еске түседі.

... Ұрпақ үшін оған да көну керек,

Кеталардың тағдыры қандай қатал,

Уылдырық шашқан соң өлу керек!

Бұл балық шынында да дара батыр,

Әне, оған жақын тұр заман ақыр.

Соның бәрін біледі ол,

Біле тұра,

Уылдырық шашуға бара жатыр.

Қалса бопты ұрпағы жалғасы боп,

Жалғасы боп,

Тірліктің арнасы боп,

Өзі өлген соң денесін шортан жесін,

Мұнда оның инедей шаруасы жоқ...

Ия, кета балығының өміріне қарап отырып олар үшін «БАҚЫТ» ұғымы уылдырық шашып, артынша өлу ме деген ой түйесің. Мүмкін солай да болар. Аталмыш балықтың ұрпақ жалғастыруы адамдармен салыстырғанда әлдеқайда кедергісі мен қиыншылығы басым. Бір қызығы ой-өрісі шектеулі кеталар өмірінде «КӨКЕК АНА» ұғымы жоқ екен...

Кета балығы, ұрпақ өрбіту, көкек ана
Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
9 жыл бұрын 7896
3 пікір
Блог туралы