Көне дәстүр
Көне дәстүр

Қазақта баланы сүндеттер алдын ашамайға отырғызып, аузы дуалы ақсақалдардан бата алу дәстүрі болған. Сәлем бере келген баланы ақ жаулықты әжелеріміз де, маңдайынан сүйіп, кәдесіз қалдырмаған. Осы бір қолданыстан шығып бара жатқан дәстүрімізді кішкене заман талабына лайықтасақ қалай болар екен?! Мәселен, ашамай іздеп кетпесек те, сүндеттелер балаға ұлттық киім кигізіп, көлікпен-ақ,  алыс-жақын ағайынға сәлем бере барсақ жақсы емес пе? Осы бір дәстүріміз арқылы тізгін ұстар ұлымыз есейгенін сезініп, үлкенге сәлем беру әдебін үйреніп, керемет дәстүрімізбен танысқан болар еді.

бала, дәстүр, ашамай
Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
4 жыл бұрын 2433
0 пікір
Блог туралы