Омардың (р.а.) ішкілікке салынған кісіге жазған хаты
Омардың (р.а.) ішкілікке салынған кісіге жазған хаты

Алланың мейірімінен пендені үмітсіз ету шайтанның ісі. Құранда: «Расында, кәпір қауымнан басқа ешкім Алланың рақымынан үмітін үзбейді» (Юнус, 87) − делінген. Жасаған күнәләрім үшін «менің жәннаттан үмітім» жоқ деген кісі, осы бір сөзі арқылы бұрынғы күнәларынан да ауыр күнә тапқан болып табылады.

Омардың (р.а.) заманында ішкілікке салынған бір мұсылман болыпты. Жақындары қанша ескерту жасағанымен, осы бір жаман әдетінен өздігінен айыға алмайды. Туыстары жаны ашып «бұл әрекетіңнен Омар хабардар болса, жағдайың қиын болмақ» - десе де, құлағына ілмейді. Омардан (р.а.) қаншалықты ұзақта жүргенімен, араға уақыт салып, ұнамсыз әрекеті халифаның құлағына жетеді. Омар (р.а.) хатшысын шақыртып: «Рахман әрі аса Рақымды Алланың атымен (бастаймын). 1. Һа, Мим. 2. Бұл − Азиз (бәрінен үстем әрі ұлы), Алим (шексіз ілім иесі) Алладан бірте-бірте түсірілген Кітап. 3. Ол – күнәларды кешіруші һәм тәубаларды қабыл алушы, алайда жазасы қатты, сонымен қатар, теңдесі жоқ жомарттық иесі! Одан басқа құдай жоқ! Ақырында барлығы да Оған қайтады», - деп басталатын «Мүмін» сүресінің алғашқы үш аятын жаздырады. Қызметшісіне хатты табыстап тұрып: «егер ол мас болатын болса, толығымен өз-өзіне келгенін күт. Мастығы тарқағаннан кейін ғана хатты қолына ұстат», - деп тапсырма береді. Айтқандай-ақ қызметшісі үш күн күтіп, мастығы тарқаған соң қолына хатты ұстатады. Қызметші хатты Омардың (р.а.) беріп жібергенін айтқанында, хатты оқып тұрған әлгі кісі:

- Бұны жіберген Омар (р.а.) емес... Менің тәубеме келуім үшін хатты Раббым жіберді...  Мендей күнәһар құлын назардан тыс қалдырмаған Жаратушым неткен мейірімді еді... Арақты біржолата тастаймын, мүлдем аузыма алмаймын – деген сөздерді өксік араласқан дауысымен әрең айтты.

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
9 жыл бұрын 3520
0 пікір
Блог туралы