Қазақтың Нобельі қашан оянар екен?..
Қазақтың Нобельі қашан оянар екен?..

Альфред Нобель әубаста жарылғыш заттар жасаумен әйгілі еді. 1888 жылы тілшілердің қателігінен БАҚ құралдары арқылы Альфред қайтыс болды деген ақпарат тарайды. Осы бір жаңсақ ақпарат миллиардердің ойына сілкініс жасайды. Расымен осылай өмірден өтіп кетсем, артымда нендей игі ісім қалмақ, деген ой маза бермейді. Ақыры жиған капиталының тоқсан пайызын адамзат игілігіне орасан зор пайда тигізген ғалымдар мен саясаткерлерді қаржылай қолдайтын қор құруға өсиет қалдырады. Әр жылы желтоқсанның оны күні Нобель сыйлығы физика, химия, әдебиет, медицина салаларының үздіктеріне табысталады.

Қазақстанда Forbes – тен ойып тұрып орын алатындар жетерлік. Өзгені жарылқамасақ та, уызға жарымаған жетім қозыдай тәлтіректеген ішкі ғылым-білімді дамытуға біздің қалталылар неге құлықсыз? Тілшілерді кінәлайын десең, «қайтыс болыпты» деген жаңсақ ақпаратты таратудан кенде емес:) Қазақтың Нобельі қашан оянар екен?..

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
5 лет назад 2244
0 комментариев
О блоге