Сириялық бүлдіршіндер немесе көтерілісті кімдер көксейді
Сириялық бүлдіршіндер немесе көтерілісті кімдер көксейді


         Сирия. Көз алдыңызға нелер елестеді? Қанға бөккен Шам шаһарын елестетпей тұра тұрыңыз. Сәл әріге шолу жасап көрелік. БҰҰ мәліметтері бойынша Сирия халқының саны 2011 жылы 20,8 млн (2018 жылғы халық саны 18,5 адамға азайған). Ислам мәдениетінен сыр шертетін көне жәдігерлер мен ғимараттарды тамашалауға туристер де ағылып жататын. 15 жастан асқан сириялықтардың сауаттылығы ер адамдарда 86 пайыз, ал әйел адамдарда 73,6 пайызды құраған. Ал, қазірше бұл көрсеткіш әлде қайда құлдыраған.

         Стамбул. 2013 жылдың қыркүйек айы. Оқу мақсатында барған қазақстандық студенттер тарихи орындарды зиярат етіп тамашалап жүрміз. Метродан түскеніміз сол еді, туристердің қолына телміре қарап әлдеңе дәметкен сириялық бүлдіршіндерді көзім көрді. Ересектері кісінің назарын аудару үшін, сыбызғы үрлеп нәпақа тапса, жарахат алғандары ашқұрсақ кардон үстінде ажалын күтіп жатқандай әсер қалдырды. Осы кезде еліміздегі оқушылардың жай-күйі ойға оралды. Мектеп формасын киіп, мемлекеттің тегін үлестірген асын ішіп, тойған қозыдай томпиған ботақандарды көз алдыма елестетіап, «Шүкір» дедім. Бүлдіршіндердің аянышты хәлін көзбен көргеннен кейін бе, әйтеуір сәулетті шаһарды аралауға деген құштарлық су сепкендей басылды.

Естеріңізде болса Сириядағы ең алғашқы толқулар 2011 жыл­дың 26 қаңтарында басталды. Кейін­нен 15 наурызда на­разылық шерулердің соңы жаппай азаматтық соғысқа ұласты. Қанға бөккен өлке, жан сақтау үшін босқан босқындар, оққа ұшқан жазықсыз тұрғындар, үйінділер астында қалған шахалақтар – осылардың барлығы делік, көтерілістен бастау алған зұлмат соғыстың ылаңы деп білеміз. Кім не ұтты? Бейбіт елге іріткі салып, ортақ мүдделілерді екі тарапқа бөліп, жәй ғана қару саудасын жүргізіп отырған  бәз біреулердің қамбасы, бейбіт тұрғындардың қанын төгумен қампайды емес пе?!

Жыл сайын желтоқсанның қарсаңында бейбіт елді көтеріліске үндеген белгісіз топтардың әрекеттерін көзіміз шалады. Мақсаты мен мүддесі бұлыңғыр бүлікшілердің бұл әрекеті –  айна сатушының үйіңізге келіп, айна біткенді сындырып кеткеніндей болмаса дейміз. 1986 жылғы ереуілге шыққан патриот қазақ жастарының дерті басқа еді. Ал, бүгінгі көтерілісті көксегендердің мақсаты не?..

                                                                                                                                                                                         Қожахмет Дінмұхамедұлы

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
6 лет назад 3248
0 комментариев
О блоге