Құлақтарының үлкендігімен танымал болған Галилеоға біреу былай депті:
-Мырзам, құлақтарыңыз адамға сәл үлкендік етпей ме?
Сонда Галилео былай деп жауап береді:
-Менің құлақтарым адамға үлкен болуы мүмкін, бірақ сенің құлақтарың ешекке тым кішкентай емес пе?
*** *** *** ***
Наполеон соғыста Испанияны жеңеді. Жеңілген Испанияның патшасы:
-Сендер тек ақша мен мал-мүлік үшін соғысасыңдар, ал біз намысымыз, абыройымыз үшін соғысамыз,-дейді.
Сонда Наполеон былай жауап берген көрінеді:
-Иә, дұрыс, адамдар өзінде несі кем болса сол үшін соғысады.
*** *** *** ***
Бір француз Парижде жұмыс істеп жүрген бір түріктен сұрапты:
-Осы сендердің әйелдеріңді үйден шығармайтындарың рас па?
-Бұрын солай еді. Қазір сыртқа шығардық, бірақ еш ішке кіргізе алмай жүрміз.
*** *** *** ***
Сократ өлім жазасына кесілгенде әйелі: "Әділетсіз түрде өлім жазасына кесіліп жатсың!" деп жылай бастайды. Сократ оған: " Не, сонда әділетті түрде өлтірілуім керек пе еді" деп жауап беріпті.
*** *** *** ***
Бір күні философ Диоген өте тар көшеде бай, тәкаппар адаммен кезігіпті. Біреуі шетке шығып жол бермейінше өту мүмкін болмапты. Алайда, маңғаз бай философқа: "Мен бейшараларға жол бермеймін" депті. Сонда Диоген жолдың шетіне шығып: "Ал мен жол беремін!" депті.
*** *** *** ***
Фатих Сұлтан Мехмет ханнан сұрапты:
-Стамбұлды не үшін жаулап алдың?
Фатих Сұлтан былай деп жауап береді:
-Әуелі ол менің жүрегімді жаулап алды, кейін мен оны жаулап алдым.
Тауып айтылған жауаптар
|

4 комментария
-
Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТКүшті тауып айтылған жауаптар екен расында!10 лет назад
-
Nurqanat BaizaqИә керемет )10 лет назад
-
B. KeneskyzyБір күні философ Диоген өте тар көшеде бай, тәкаппар адаммен кезігіпті. Біреуі шетке шығып жол бермейінше өту мүмкін болмапты. Алайда, маңғаз бай философқа: "Мен бейшараларға жол бермеймін" депті. Сонда Диоген жолдың шетіне шығып: "Ал мен жол беремін!" депті.10 лет назад
-
ГаухарМықты жауаптар,айтарға сөз жоқ10 лет назад
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."2 года назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."2 года назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."2 года назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."2 года назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."2 года назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."2 года назад2025, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.