Баяғыда артына ала шаң еріткенұлы бәйгелерде бас жүлдені бермейтін бір тұлпар батпаққа батып жатыр екен. Жанына дүйім халық жиналыпты, "шүу-шүулеп" сауырға ұрыпты. Басынан сүйрейді, алайда дәрмен жоқ. Керісінше, қайран тұлпар, суырма батпаққа бата түседі.
Сәске болады. Қызыл бояуын елітіп іңір жақындайды. Ел дағдарып, ақылман бір қарияға ақыл сұратып ат шаптырыпты. Сонда жеделдетіп жеткен ақсақал: "Әй, халқым! Тұлпарды қамшылап сендерге не болған?! Ол оған намыс емес пе? Қайта одан сайын батпаққа бата түседі. Мұны құтқарудың жалғыз-ақ жолы қалды. Қәзір үйір-үйір жылқыны жанынан қиқу салып қуып өтіңдер. Тұлпар деген намысшыл ғой. Сонда ғана өзін-өзі шығарар," - деп ақыл айтқан екен. Өңшең қыл құйрықты қасынан даланы дүбірге бөлеп шапқанда, әлгі тұлпар шыңғырып кісінеп, басын ғана қылтитып қойған батпақтан атып шығыпты.
P.S. Кейде замананың батпағына батып қалатын даламның барыс ұлдары-ай, бір-біріңді қашанда қиқу салып, осылай демеп жүрсеңдерші!
(Мұхтар Шаханов естеліктерінен)
Тұлпар намысы (Ерді намыс өлтіреді...)
|
0 комментариев
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."9 месяцев назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."9 месяцев назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."9 месяцев назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."9 месяцев назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."9 месяцев назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."9 месяцев назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.