Түрме ішіндегі ызғар
Түрме ішіндегі ызғар

    Түзеу мекемесі. Аты суық мекемеге барған күні аязда шыдатар емес. Етік ішінде тоңған башпайларымды қимылдатып, өзімше жылытып тұрғандаймын.

    Cотталушылармен кездесуге келген туыстарының қанша уақыт сарп ететіндігін айтпасақта түсінікті. Менің алдымда келген сотталушының әйелі шамамен үш жасар қызымен тексеруден өтіп жатыр. Әйел кісі сақшыға сыбырлап «Сөмке ішінде қуыршақ бар. Сөмкеден шығармай тексерсеңіз болмайды ма, қызым көрмеуі керек еді. Қызыма кездесу барысында әкесінің алып берген сыйлығы ретінде берсек» дегені сол еді, сақшы зілді даусымен «Болмайды!» деп ақырып, қуыршақты сөмкеден суырып алды. Қуыршақпен бірге менің де жүрегім суырылғандай болды, жаныма қатты батты.

    Негізі болатын еді. XXI ғасырда түзеу мекемесінде иненің жасуындай жасырылған затты анықтауға қауқары жететін технологияны жоқ деу қисынысыз. Неге екені белгісіз электр тоғын үнемдегісі келдіме әйтеуір қолданбады. «Кісінің көңілінен электр тоғы қымбат болған заман-ай»,- деп мен тұрмын.

    Арада жарты сағат өтті. Мен әлі тұрмын. Кенет үнсіздікті әлгі кішкентай қыздың «Әкемді алып кетейікші», «Әкеме барам» деп зар жылаған дауысы бұзды. Әттең, әйелдің өтініші орындалғанда, бәлкім ойын баласы мұнша жыламас па еді, кім білсін...

    Сағат түнгі 1:23 әлі ұйықтар ала емеспін. Көз алдымда кішкентай қыздың жылаған бейнесі кетер емес...

Бір кісінің  күнделігінен

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
6 лет назад 3460
0 комментариев
О блоге