Зомбилендіру тәжрибесі
Зомбилендіру тәжрибесі

    Ресейлік ғалымдар мен цирк қызметкерлері мақлұқты құлақ кесті құлға айналдырудың жаңа тәсілін ойлап тауыпты. Зерттеушілер жаңа туылған жолбарыстың баласын циркте үйретуші әйелдің сүтімен қоректендіріп көреді. Тәжрибе оңтайлы шығып, мысық тектес мақұлық омырауынан сүт емген әйелге әп сәтте бауыр басады. Тіпті, сүт анасына айналған әйелді алыстан иісінен ажырытып, көрмесе іздейтін жағдайға жетеді. Жолбарыс баласы өсе келе әлгі «мейірбан» әйелдің қамшысы жон арқасының шаңын қанша қақса да, тіс ақситпайтын құлақ кесті мәңгүрт мақлұққа айналады.  Цирк қызметкерлері осы әдіспен бір топ жолбарыстан айтқанынан шықпайтын дайын әртіс жасап шықты. Дегенмен, тәжрибе мұнымен бітпеді.

         Әлгі жолбарыстарды ғалымдар тәжрибенің екінші кезеңін жүргізу үшін орманға апарып қоя береді. Қызық осы жерде басталады. Өздерінің табиғи мүмкіндігінен ажырып, тек тор ішіндегі дайын тамақ ішуге машықтанған бір топ азулы бейшара күйге түсіп, аң аулау қабілетін мүлдем жойып алғандығын байқатады. Ең сорақысы, бұта арасынан үркіген қоянды көрген жолбарыстар тым-тырақай қаша жөнелген. Мақлұқтарға жүргізілген әлгіндей тәжрибелердің дамытылған механизімдері ұлттың өзіне тән табиғатын жоюға жұмыс жасап жатқан жоқ па, деген ой кенет құйқамды шымырлатып жіберді...

P/S: Ана тіліміз бен, ұлттық құндылықтарымызды мойындамайтын шала қазақтарды аяп кеттім. Жолбарыс мейлі мақлұқ дерсің. Ал, олар болмысын жоғалтқан адамдар ғой...

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
5 лет назад 2267
0 комментариев
О блоге