Январь басында, 1906 жылы Семейге хабар келген, Керекуден Семейге шыққан мені ұстасын деген. Марқұм Омарбек пен Кәкітай һәм өзге аты теріс достар мені қашыртпақ болып, маған қарсы үш атпен "Б"-ды жіберген. Бірақ мен Тұзқалада ұсталған едім. Бірақ мен ол күні "Б"-ға жолықсам да, қашпақ емеспін. Егер мен қашсам онда қырға отряд шығып, қазақты қор қылмай ма?
Мені Тұзқалада күзетке алып, қарауылға бір қазақ-орыс қойып, мені ұстаған орыстар бір үйге тамақ ішуге кетті. Сонда жиылып келіп, Тұзқала кісілері "Қашырайық, қаш" деді. Мені ұстамас бұрын маған Керекуден "С" қуып келді, қашайық деп. Керегі мен болсам, мен қашпаймын, абақтыда бір кісі жатқаны жұрт қор болғаннан ыңғайлы болар дедім.
Қыр баласы қолжазбасынан
Әлихан Бөкейхан қолжазбасынан
|

абақты, Әлихан Бөкейхан
0 пікір
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Cаттар жаңа жазба қосты: "Мен мына кісіден мұндайды күтпеп едім..."3 сағат бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "islam.kz: Құрандағы мидың құпиясы......"11 сағат бұрынТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ жаңа жазба қосты: "Мен менмін, сен сенсің ......"20 сағат бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Сәресінің жеті берекесі. Неге сәресіні қалдырмаған..."КешеДәурен жаңа жазба қосты: "«Транзишн». Жыныс ауыстырғанның жазасы қандай?..."КешеҚанат Байбосынұлы жаңа жазба қосты: "Пайғамбарлар оразасы..."2 күн бұрын2021, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.