Базар жырау мен Сүйіндік
Базар жырау мен Сүйіндік

Базар жырау бір аста жырлап отырса Сүйіндік кіріп келіпті. Базекең орнынан атып тұрып, Сүйіндікке құрақ ұшады. Бозбала Сүйіндік ағасының дауысын естіп, сәлем бермеке кіргендігін жеткізіп, үлкеннің батасын алып, жүре береді. Аста отырғандар таңырқасып: «Кетенің шынатақтай баласын көріп сонша асып-сасып, абдырағаның не? – деп сұрапты. Сонда Базар жырау: «Сүйіндік жан әннің теңізі ғой» деген екен. Бірер күн өткесін әлгі аста болғандардың бірі Сүйіндікке жолығып «Өткенде Базар жырауды бір састырдың ау» - депті. Сонда Сүйіндік: «Ағасы ол не дегеніңіз. Базекең сасушы ма еді. Біз шалшық болсақ, Ол кісі мұхит қой деген екен. Айтсаң аңыздай, естісең ертегідей қайран біздің бабалардың өмір салты...

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
4 жыл бұрын 3060
0 пікір
Блог туралы