Жаңадан ашылған кәсіпорынның жұмыс істеп жатқанына не бәрі екі айдың жүзі болды. Ертең жұмысшылардың айлық жалақысын төлейтін күн. Кәсіпорын басшысы тартпаны ашыып қарап еді, ішінде бар-жоғы он мың ғана табылды. Телефон тұтқасына жармасып, қарыз алған мекемелерге қоңырау шалып әлек. Алайда ешбірінен мардымды жауап ала-алмады. Түрлі сылтау айтып, төлем мерзімін ұзартуды өтінуде.
Үйдегі кіші қызы көрші дүкендегі қызыл көйлекті алып беруін сұрап жүргеніне бір апта болғанды. Оған да «алып берем» – деп, уәде бергелі қашан. Оны қойшы, жұмысшыларымның бала-шағасының нәпақасын қалай тауып бермекпін? – деген оймен арпалысып, самайы терлеп кетті. Кенет есік қағылды.
– Кіріңіз.
– Сәлеметсіз бе?
– Сәлеметсіз, келіңіз. Бізден не көмек?
– Мен... (кібіртіктеп) Қайыр тілеп келдім. Көрші дүкенге барғанымда сіздің жомарт жан екеніңізді айтып, осында жіберді. Үйде балапандарым аш отыр. Өтінем, көмектесіңізші!
Кәсіпорын басшысы көп ойланбастан, тартпадағы он мыңды қолына ұстатып:
– Алыңыз. Бұл бірібір қайсы біріміздің жалақымызға жетсін. Олардың бала-шағасы аш отырып, менің қызыма жаңа көйлек сатып әпергенім, мұсылмандыққа жат болар. Оданда осы ақшаны отбасыңыздың керегіне жұмсаңыз. Ең болмаса бір шаңырақ қажетін өтесін, – деп шығарып салды.
Телефон қоңырауы шылдырлай кетті. Тұтқаның арғы жағынан:
«Ало, сәлеметсіз! Біздің компания сіздерге 2 000 000 берешек еді. Бүгін ақшаңызды апарсам деп едім. Қай жерге апарайын?» – деген, дауыс естілді.