Жомарттық – жан азығы
Жомарттық – жан азығы

Жаңадан ашылған кәсіпорынның жұмыс істеп жатқанына не бәрі екі айдың жүзі болды. Ертең жұмысшылардың айлық жалақысын төлейтін күн. Кәсіпорын басшысы тартпаны ашыып қарап еді, ішінде бар-жоғы он мың ғана табылды. Телефон тұтқасына жармасып, қарыз алған мекемелерге қоңырау шалып әлек. Алайда ешбірінен мардымды жауап ала-алмады. Түрлі сылтау айтып, төлем мерзімін ұзартуды өтінуде.

Үйдегі кіші қызы көрші дүкендегі қызыл көйлекті алып беруін сұрап жүргеніне бір апта болғанды. Оған да «алып берем» – деп, уәде бергелі қашан. Оны қойшы, жұмысшыларымның бала-шағасының нәпақасын қалай тауып бермекпін? – деген оймен арпалысып, самайы терлеп кетті. Кенет есік қағылды.

– Кіріңіз.

– Сәлеметсіз бе?

– Сәлеметсіз, келіңіз. Бізден не көмек?

– Мен... (кібіртіктеп) Қайыр тілеп келдім. Көрші дүкенге барғанымда сіздің жомарт жан екеніңізді айтып, осында жіберді. Үйде балапандарым аш отыр. Өтінем, көмектесіңізші!

Кәсіпорын басшысы көп ойланбастан, тартпадағы он мыңды қолына ұстатып:

– Алыңыз. Бұл бірібір қайсы біріміздің жалақымызға жетсін. Олардың бала-шағасы аш отырып, менің қызыма жаңа көйлек сатып әпергенім, мұсылмандыққа жат болар. Оданда осы ақшаны отбасыңыздың керегіне жұмсаңыз. Ең болмаса бір шаңырақ қажетін өтесін, – деп шығарып салды.

Телефон қоңырауы шылдырлай кетті. Тұтқаның арғы жағынан:

«Ало, сәлеметсіз! Біздің компания сіздерге 2 000 000  берешек еді. Бүгін ақшаңызды апарсам деп едім. Қай жерге апарайын?» – деген, дауыс естілді.

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
9 жыл бұрын 5333
3 пікір
Блог туралы