“Неге бұлай? Не үшін? Әйелден не айырмам қалды?”
“Неге бұлай? Не үшін? Әйелден не айырмам қалды?”

  Телефонда жылаған кісінің даусы. Бұлақ-бұлақ көз жасы ағып, баяу дірілдеген дауыс естіледі. Шарасыз әйелдің жан айқайы екенін анғаруға болады. Мұңын былай баяндады:

–        Ерім ашық-шашық жүргенімді қалайды. Алайда мен исламға бет бұрып, дін талабын орындағым келеді. Дініміздің әмірі бойынша киінгім келеді. Көшеде көрінгенннің шүйлігіп қарауынан қорқамын, Раббымнан ұяламын. Еріме айтпастан көшеге оранып шықтым. Ол келмей тұрып асығыс үйге келдім. Алайда мені көріп қойыпты. Келгесін маған айтпағаны қалмады, ауыр сөздер айтты, балағаттады. Ең соңында не дегенін білемісіз?

–        Не деді?

–        Екінші мәрте көшеде оранып жүретін болсаң, басқа әйелдермен көзіңе шөп саламын!.

–        Бұл не дегеніңі? Мұндайды алғаш естуім.

      Әлбетте әлгі сөзі Аллаға жетпей қойсын ба?! “Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі”–деуші еді.

–        Ұстаз, бұл сөзіңізге келіспейтін пікірімді айтсам болама?

–        Айтағой.

–        Ыңғайсызданудамын, отбасының сырын жайып салғандаймын.

–        Уайымдама, айтылған сөз осы жерде қалады, ешкімге айтылмайды.

–        Алайда, жазсаңызше?

–        Жазар болсам басқалар ғибрат алсын деген ниетрен бүркемше есіммен жазармын. Сіздің атыңыз, отбасыңыз көрсетілмейді.

–        Ендеше жалғастырайын. Әлгі айтқаныңыз болды.

–        Нені айттым?

–        “Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі”

–        Содан.

–        Айтқаныңыз келді. Артынша опық жеді. Араға күндер салып отағасы дертке шалдықты. Қаралмаған дәрігері қалмады бірақ дауасын таппады. Әлі де емші іздестіруде.

–        Қандай ауру?

–        Қалай айтсам екен?... Күш-қуатынан айрылды. Жыныстық қаблеттілігін жоғалтты. Күйеуім: “Неге бұлай? Не үшін? Әйелден не айырмам қалды–деп, күйінеді.

–        Сүбханалла! Мұнда бір ғибрат бар. Еріңе Алла мейірім танытыпты. Дегенмен күйеуің жақсы адам екен.

–        Қалайша? Жағдайды естіп, біліп отырып “Жақсы адам” деуіңізді түснбедім.

–        Егер дертке шалдықпағанда жаман пиғылын іске асырып, күнәхар болатын. Ол кезде кәзіргісіненде ауыр жазаға тартылар еді. Егер қателіктен сабақ алып, тәубе қылса дертіен айығады.

–        Әттең, осыларды білсеғой.

–        Біледі деп, үміттенемін. Аятта:

Ей, даналық иелері ғибрат алыңдар!– делінген.

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
9 жыл бұрын 3967
3 пікір
  • Керемет!Шынынды күнəға ұрындырмай Алланы ескертуі оған берілген мүмкіндік!жазасы Ақыретке қалса....
    9 жыл бұрын
  • Осы ескертуден сабақ алып,Алла жүрегіне иман берсін,пайдалы білім берсін!
    9 жыл бұрын
  • Əңгіме түсініксіздеу. Басы жоқ, соңы жоқ болып қалыпты. Ұстаз қайдан шықты? "Күйеуім ашық жүргенімді қалай" деп мұңын айтып тұрған əйел бірден ерінің науқасқа шалдыққанын айтып отыр... сол жақтары түсініксіз болып қалыпты, автор мырза.
    9 жыл бұрын
Блог туралы