Құлақтарының үлкендігімен танымал болған Галилеоға біреу былай депті:
-Мырзам, құлақтарыңыз адамға сәл үлкендік етпей ме?
Сонда Галилео былай деп жауап береді:
-Менің құлақтарым адамға үлкен болуы мүмкін, бірақ сенің құлақтарың ешекке тым кішкентай емес пе?
*** *** *** ***
Наполеон соғыста Испанияны жеңеді. Жеңілген Испанияның патшасы:
-Сендер тек ақша мен мал-мүлік үшін соғысасыңдар, ал біз намысымыз, абыройымыз үшін соғысамыз,-дейді.
Сонда Наполеон былай жауап берген көрінеді:
-Иә, дұрыс, адамдар өзінде несі кем болса сол үшін соғысады.
*** *** *** ***
Бір француз Парижде жұмыс істеп жүрген бір түріктен сұрапты:
-Осы сендердің әйелдеріңді үйден шығармайтындарың рас па?
-Бұрын солай еді. Қазір сыртқа шығардық, бірақ еш ішке кіргізе алмай жүрміз.
*** *** *** ***
Сократ өлім жазасына кесілгенде әйелі: "Әділетсіз түрде өлім жазасына кесіліп жатсың!" деп жылай бастайды. Сократ оған: " Не, сонда әділетті түрде өлтірілуім керек пе еді" деп жауап беріпті.
*** *** *** ***
Бір күні философ Диоген өте тар көшеде бай, тәкаппар адаммен кезігіпті. Біреуі шетке шығып жол бермейінше өту мүмкін болмапты. Алайда, маңғаз бай философқа: "Мен бейшараларға жол бермеймін" депті. Сонда Диоген жолдың шетіне шығып: "Ал мен жол беремін!" депті.
*** *** *** ***
Фатих Сұлтан Мехмет ханнан сұрапты:
-Стамбұлды не үшін жаулап алдың?
Фатих Сұлтан былай деп жауап береді:
-Әуелі ол менің жүрегімді жаулап алды, кейін мен оны жаулап алдым.
Тауып айтылған жауаптар
|
4 пікір
-
Ақшолпан НҰРДӘУЛЕТКүшті тауып айтылған жауаптар екен расында!9 жыл бұрын
-
Nurqanat BaizaqИә керемет )9 жыл бұрын
-
B. KeneskyzyБір күні философ Диоген өте тар көшеде бай, тәкаппар адаммен кезігіпті. Біреуі шетке шығып жол бермейінше өту мүмкін болмапты. Алайда, маңғаз бай философқа: "Мен бейшараларға жол бермеймін" депті. Сонда Диоген жолдың шетіне шығып: "Ал мен жол беремін!" депті.9 жыл бұрын
-
ГаухарМықты жауаптар,айтарға сөз жоқ9 жыл бұрын
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.