Шектен шыққан сараңдықтар
Шектен шыққан сараңдықтар

...Мен бір кітаптан әлемдік деңгейдегі атақты байлардың басым көпшілігі сараң екенін оқып жағамды ұстадым. Мәселен, тиын үшін тісін сындыруға әзір тұратын бір миллиардер әйел ақшасын жанұясы түгіл өзінен де аяпты. Тіпті, ақша көп кетеді деп өз үйіне жылы су кіргізуге де қарсы болыпты. Бірде он бір жасар баласы аяғын сындырып алса оны қарауға, емдеуге ниет білдірген дәрігерге ақша төлеуден бас тартыпты. Алғашында өзі-ақ жазылып кетер деген оймен, кейін арзан аурухана іздеп біраз уақыт өткізіп алыпты. Ақырында баланың аяғы гангренаға айналып, тізеден жоғары кестірмеуге амалы қалмайды. Өмірінде жарқырата киім киіп көрмеген, сараңдығы жағынан Гиннестің рекордттар кітабына енген срл әйел 81 жасында жүрек ауруынан қаза болғанда артында 2 миллиард доллардан артық ақшасы қалыпты...
Туған перзентін емдетуге ақшасын қимаған ең сараң бұл бай әйелдің бүкіл Қырғыстанды 4 жыл бойы емін-еркін асырауға шамасы жетеді екен...
        

*** *** ***
...28 миллиард доллар иеленген швед байы Ингвар Кампрад ақшасын үнемдеу мақсатында үнемі автобуспен жүреді екен. Әйелі оған 32 жыл бойына пайдаланып келген, әбден ескіріп, кір болған креслоны ауыстырайық деп ұсыныс айтқанда қатты реніш білдіріпті. Сол Кампрад қарамағындағы қызметкерлерге қағазды үнемдеу және шығындамау мақсатында ақ парақтың екі бетін де пайдалануды қатаң тапсырыпты...
       
*** *** ***
...Әлемге аты мәлім мүсінші Микеланджело өз дәуірінің ең көп табыс тапқан байы бола тұра, үйіне жиһаз да, өзге қажетті бұйымдар да, тіпті кітап та жинамапты. Бөлмесінде аузы құлыптаулы үлкен сандық қана тұрыпты. Өзі өлген кезде әлгі сандықты ашса қаншама жылдардан бері жеке басының шаттығы үшін де қимай, сараңдықпен жинаған ақшасы сонда рет-ретімен сап түзеп тұр екен...
       

*** *** ***
...Өткен жылы он, он бес мың адамды бірнеше жыл асырауға шамасы жететін бір бай мені мейрамханаға шақырды. Соңынан даяшы ішкен тамағымыздың есебін алып келді. Бай сұраған ақшаны төледі. Тек даяшының 500 теңгені қайтаруға майда ақшасы болмағандықтан 10 минут бойына күтіп отырдық...

(Мұхтар Шахановтың "Қырғыз Эвересі және мәңгүрттендірудің егеуқұйрықтық тәсілі" кітабынан алынған)

Кеңесбеков ҚожахметКеңесбеков Қожахмет
10 лет назад 4481
6 комментариев
  • 500 тенгені 10 минут күтіп отырдық-:)
    10 лет назад
  • Қызықты мәлімет екен рақмет!
    10 лет назад
  • Мә сараңдық деп осыны айт.
    10 лет назад
  • ...28 миллиард доллар иеленген швед байы Ингвар Кампрад ақшасын үнемдеу мақсатында үнемі автобуспен жүреді екен. Әйелі оған 32 жыл бойына пайдаланып келген, әбден ескіріп, кір болған креслоны ауыстырайық деп ұсыныс айтқанда қатты реніш білдіріпті. Сол Кампрад қарамағындағы қызметкерлерге қағазды үнемдеу және шығындамау мақсатында ақ парақтың екі бетін де пайдалануды қатаң тапсырыпты...

    Сараңдық пен үнемшілдік екі бөлек дүние. Мына байдың жасағаны сараңдықтан көбірек үнемшілідкке ұқсайды. Байлығын не істеді екен, соған қарау керек.
    10 лет назад
  • Біз қазақтар табиғатымыздан ысырапшыл келеміз. Үнемшілдікті сараңдық деп қабылдап жатамыз.


    Дүние жүректе емес, қолда болғаны дұрыс.
    10 лет назад
  • Сонда ақшаны не үшін жинаған?бұл психологиялық ауру секілді.ең өкініштісі екі дүниеде де бақыт таппай кеткені ме?
    9 лет назад
О блоге