Әкелер нені ескермейді? (Ғасыр өтсе де, құндылығын жоғалтпаған туынды)
Хат үлгісінде жазылған, көлемі 1,5-2 беттей ғана болатын бұл мақала әлемнің бірнеше тіліне аударылып басылған. Алғаш жарық көргенінен бері бір ғасырдан аса уақыт өтсе де құндылығын әлі күнге жоғалтпай келе жатқан туынды. Керектеріңізге жарар деген ниетпен аударып, назарларыңызға ұсынып отырмыз. Ұлым, сен алақаныңды жастанып ұйықтап жатырсың, мен болсам саған қарап ойланып отырмын. Ақ сары шашыңның бірнеше талы жіпсіген маңдайыңа жабысып қалыпты. Мен жаңа ғана тығылып, ешкімге байқатпай, бөлмеңе кіргенмін. Оның алдында бірнеше минут бұрын ғана кітапханадағы жұмыс үстеліме отырып, анау-мынау...